00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

IPhone адамды енді маскасымен танитын болды

24.02.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
18

iOS 15.4 бета-нұсқасында беттегі масканы шетпестен, смартфонды бұғаттан шығаруға болады. Осылайша iPhone қолданушылары масканы шешіп әуреге түспейді. Девайс иелері бұл мүмкіндікті телефонның баптауларынан іске қоса алады. 

Жаңа функция барысында iPhone өз иесін көзі мен оның айналасы арқылы тани алады. Бұрын Face ID функциясы адамның беті ешқандай аксессуармен жабық тұрмаса ғана жұмыс істейтін. 

Алайда масканы шешпестен смартфонды бұғаттан шығару әдеттегіден көбірек уақыт алуы мүмкін.

Әзірше жаңа функция iPhone 12 және 13 телефондарында ғана қолжетімді. Көпшілікке iOS 15.4 нұсқасы толықтай қолжетімді болған соң, бұл функция Face ID-і бар барлық айфондарда іске қосылады.

Барлық жаңалықтар