00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

24.02.2023 | 19:33
Елорда ақпарат
14

Қаржы пирамидалары салымшыларды тарту үшін көбінесе өздерін жоғары табысты инвестициялар саласындағы ұйымдар ретінде көрсетеді.

Мұндай компаниялар микроқаржы ұйымдары, тұтыну кооперативтері, ноу-хау жобалар, зергерлік және өзге де компаниялар ретінде заңды түрде тіркеледі.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салымшылардың қаражатын тарта отырып, оларға кемінде үш жаңа салымшыны қосқан жағдайда салым сомасының 100% қайтаруға уәде етіп келген «Best Road Investment» ЖШС қызметі анықталды.

«Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Құрметті азаматтар! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз «Best Road Investment» ЖШС салымшылары болсаңыз, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД сенім телефонына +7 7172 31 61 45 хабарласуды сұраймыз», – делінген агенттіктің хабарламасында.

Барлық жаңалықтар