00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Қазақстанда биыл 17,8 мың интернет-алаяқтық тіркелген

24.02.2023 | 18:25
Елорда ақпарат
33

2021 жылдың 10 айында Қазақстанда тіркелген интернет-алаяқтық фактілерінің саны 17,8 мыңды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есеге жуық көп. Интернет-алаяқтықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек тіркелген.

Кибер-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері – интернет-хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем не толық төлем алу (8,2 мың факт), микрокредиттік ұйымдардың сайттарында жалған онлайн-қарыз ресімдеу (2,7 мың), банктердің қауіпсіздік қызметтерінің атынан қоңырау шалу арқылы банк шоттарынан ақша ұрлау (2,3 мың), түрлі жобаларға, ойындарға және т. б. тиімді ақша салуды ұсыну (1,9 мың), жалған сілтемелер жіберу арқылы жеке деректерді немесе ақшаны иелену (1,3 мың) және т. б. Бұл ретте алаяқтар шығыс нөмірлерін қазақстандық ұялы операторлардың абоненттік нөмірлеріне ауыстыру бойынша хакерлік бағдарламаларды қолданады.

Интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерін кадрлық және техникалық қамтамасыз ету күшейтілді.

2021 жылдың 10 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жүргізуші тәртібіне бақылау күшейтілді. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, 5 мың қарсы қозғалыс жолағына шығу жағдайының жолы кесілді. 24,5 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, оның ішінде 1,3 мыңы өмір бойы көлік жүргізе алмайды. 20 мың ереже бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 220,5 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Үкімет басшысы азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін және олардың ақшалай қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Премьер-министр жолдардағы апаттардың алдын алу және оларды азайту шараларын одан әрі жетілдіру, өңірлерде бірыңғай көлік саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар