00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Facebook компания атауын өзгертпекші

24.02.2023 | 16:36
Елорда ақпарат
31

“Компания енді Facebook әлеуметтік желісімен ғана емес, Instagram, WhatsApp, Oculus секілді барлық өнімімен ассоциацияланып, “метаәлем” құру жұмысын жалғастырғысы келеді”, – деп жазады басылымда.

Биылғы шілдеде Марк Цукерберг Facebook-тің виртуал әлем құру жұмысына баса көңіл бөлетінін, ол жақта қолданушылар өмір сүріп, жұмыс істеп, демала алатынын айтқан болатын.

17 қазан күні Facebook алдағы бес жыл ішінде “метаәлем” құру жұмысы үшін Еуропада 10 мың қызметкерді жұмысқа алатынын мәлімдеген-ді.

Биылғы қыркүйекте The Wall Street Journal басылымы аталмыш компанияның ішкі құжаттары мен бұрынғы қызметкерлерімен сұхбаттарға негізделіп жазылған The facebook files атты зерттеуді жарыққа шығарған болатын. Басылым журналистерінің пікірінше, Facebook өзінің барлық платформасы қолданушыларға зиян келтіруі мүмкін екенін егжей-тегжейлі біледі, бірақ сонда да ештеңе жасамай отыр.

Барлық жаңалықтар