00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Дамушы елдердегі пандемияға қатысты ахуал қайтсе дұрысталады – Нобель сыйлығының лауреаты

24.02.2023 | 15:45
Елорда ақпарат
35

«Бұрынырақ пандемия туралы ғана сөйлесек, енді соның арқасында болған трансформация туралы да әңгімелесуіміз керек сияқты. Дәлірек айтсақ, ол трансформацияның жүзеге асуына өте мықты құралдар ықпал етті. Мысалы, цифрлық салада өнімділіктің едәуір өскенін байқауға болады. Оның үстіне мұның бәрі адамдардың өміріне дендеп әсер етуде», – деді Майкл Спенс.

Оның ойынша, әлем халқының вакцина алу қарқыны өте ақырын жүріп жатыр.

«Вакцина шыққалы бері коронавирусты ауыздықтауда көңіл жұбатарлық нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Алайда қазір вакцинация тым баяу жүруде. Мұнда жауапкершілік әр елдің өзінде жатыр. Әсіресе дамушы, кедей елдердегі ахуал нашар. Оны өзгерту үшін елдердің үкіметі тарапынан сәл агрессив саясат жүргізілуі керек деп есептеймін», – деп сөзін қорытындылады М. Спенс.

Барлық жаңалықтар