00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

"Пост жазып, биткоин тап": Twitter авторларды ынталандырудың жаңа жолын ұсынды

24.02.2023 | 14:56
Елорда ақпарат
21

Жаңа функция қазір барлық iOS қолданушыларына қолжетімді, ал Android жүйесінде жақын аптада пайда болады. 

Twitter осылайша Strike төлем платформасын интеграциялауда. Желі қолданушылары ақша қабылдау немесе жіберу үшін өздерінің криптоәмиянының мекенжайын көрсете алады. Ақша аударымдары үшін ешқандай комиссия алынбайды. 

Сондай-ақ Twitter желіде қолданушыларға өзінің NFT цифрлық активтерінің топтамасын көрсетуге мүмкіндік беретін функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Басқа ақпаратты компания әзірге ашып айтпай отыр. 

Естеріңізге салсақ, компания авторларға ақша жіберуді мамыр айында сынақтан өткізген-ді, бірақ ол кезде Bandcamp, Cash App, Patreon, PayPal немесе Venmo жүйелері арқылы фиат ақша жіберуге болатын.

Барлық жаңалықтар