00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Хаттар мен ұсыныстар дер кезінде түседі: Профессор Президент Жарлығына қатысты пікір білдірді

25.02.2023 | 04:40
Елорда ақпарат
74

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл дер кезінде қабылданған заң актісі болып табылады. Қазіргі цифрландыру кезеңінде Мемлекет басшысының барлық атқарып жатқан жұмысы бүкіл медиаресурстарда көрініп тұр. Қандай заң мен Жарлыққа қол қойылғандығы, Президент мен Үкімет қабылдап жатқан бүкіл заңды біз қарап отырмыз. Бұл – жаңа Қазақстанның алғашқы қадамдарының дәлелі. Президент аппаратында жұмыс істейтіндердің жұмыс тиімділігін арттырады. Адамдардың жазған шағым хаттары мен ұсыныстары дер кезінде түседі де, уақытылы қаралады. Бұрындары алдымен кеңсеге түсіп, ол кеңседен бір басшының қолына тиіп, ол басшыдан одан жоғары басшыға, инстанция жағалып, бұрыштама қол қойылғанына көп уақыт кететін еді. Ал енді Президентіміз бюрократиядан арылудың өте жақсы жолдарын көрсетіп отыр. Заң үстемдігі орнады деген мәселе бүгіннен бастап туындады. Әлемде заң жұмыс істейді. Бізде де заң үстемдігі жұмыс істей бастады. Зайырлы, құқықтық мемлекетте тұратындығымызды біз тағы да сезініп отырмыз. Сондықтан осы заңға сәттілік тілейміз. Осы заң халық үшін жақсы қызмет атқарады деп ойлаймын, - деді Есберген Алауханов.

 

 

Все новости