00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Жігіттерге сенеміз!»: Министр ұлттық құраманың жаттығу жиынына қатысты

16.11.2023 | 10:30
45
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі ойын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Магомед Адиев шәкірттері ертең Н тобының 9-тур ойындары аясында Сан-Марино футболшыларын қабылдайды. 

Матч 17 қараша күні сағат 21:00-де елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Екі құрама арасындағы бірінші ойында (Парма, Италия) жерлестеріміз қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түскен болатын. Сол матчта ұлттық құрама сапынан Ян Вороговский, Асхат Тағыберген және Бақтиер Зайнутдинов мергендігімен көзге түскен еді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Еуро-2024 турниріндегі ең маңызды екі ойынының жаттығу жиынына қатыстым. Дәл қазіргі уақытта аяқдоп шеберлеріміз қарсыластарға қарсы тактикалық дайындық кезеңін өткізіп жатыр. Біздің футболшыларымыз жаттығу жиынында физикалық және функционалдық жағдайы туралы мәліметтер жинауға мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі спорттық технологияларды қолдануда. Ұлттық құраманың бас бапкері және футболшылармен сөйлесіп, оларға алдағы маңызды ойын алдында сәттілік тіледім. Барлық футболсүйер қауымды осы бір маңызды әрі жауапты матчта ұлттық құраманы қолдауға шақырамын. Біз жігіттерге сенеміз! – деді Ермек Маржықпаев.

Еуро-2024 іріктеу турнирінің 8-турынан кейін Қазақстан ұлттық құрамасы Н тобының турнир кестесінде 15 ұпаймен 3-орында келеді. Ал қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ Сан-Марино соңғы сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, жерлестеріміз 21 қараша күні сырт алаңда Словениямен ойнайды.

Барлық жаңалықтар