00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Жас теннисшілеріміз әлем чемпионатын жеңіспен бастады

08.11.2023 | 05:30
32
Фото: ktf.kz

Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина командасын жеңді.

Алдымен Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) мен Соль Айлин (117 ITF Juniors ranking) кортқа шықты.

Тартысты матч қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды – 7:6 (9:7), 6:3.

Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12.

Жалпы есеп – 2:1, Қазақстанның пайдасында.

Командалық әлем чемпионатының В тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді.

Ұлыбританиялықтар бразилиялықтарды 3:0 есебімен ұтты. 

Барлық жаңалықтар