00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Virtus Cycling: Әлем чемпионы Дастан Ордабай елге оралды

09.01.2024 | 11:00
53
фото: Сұлтан Байсеитов

2024 жылдың 2-8 қаңтар аралығында Аустралия елінде өткен Virtus Cycling World Series-2024 жарысының 2 дүркін жеңімпазы  Дастан Ордабайды әуежайдан күтіп алды, деп хабарлады Elorda info сайты. 

Аустралияның велоспорт Федерациясының (AusCycling)  және Sport Inclusion Australia-ның ұйытқы болуымен бүкіл әлемнің мықты велосипедшілері жиналды. Para cycling  чемпионаты World Cycling Series-ке кіреді, оған 62 пара – атлет қатысты. UCI Para-cycling класстары дене, көз, интеллектуалды бұзушылықтары бар, сондай-ақ есту бұзушылықтары бар спортшылар үшін ашық. 

Дастан ii-3 (зердесі зақымдалған) санаты бойынша 18,8 км қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium)  қатысты. Нәтижесінде қос сайыста да қарсылас шақ келтірмеді. Осы жеңістің арқасында Дастан елімізде және Азия құрлығында топ жарған алғашқы спортшы атағына қол жеткізді. Жарыс басталмас бұрын, Аустралиядағы турнирде чемпион боламыз деп, ойламаппын. Басты мақсатымыз — өзгелермен тәжірибе алмасу еді. Басты бәсекелестеріміз ретінде Франция, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия өкілдері саналды. Қос алтынның ішінде критериум бағдарламасындағы жүлденің орны бөлек. Себебі, Дастан бастапқыда құлап қалғанымен, жарысты жалғастыруға шешім қабылдады. Нәтижесінде чемпион атанды.  Дастан Ордабай былтыр Францияда өткен Virtus Global Games бәсекесінде 3 күміс жүлде алып, осы жарысқа лицензия ұтып алған еді. Міне, енді осы күмістерді биыл алтынға айырбастасақ деген үлкен жоспарымыз бар, — деп, «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған  спорт федерациясы» РҚБ-нің  Президенті  Дина Темірғалиева жарысты қорытындылады. 

WhatsApp Image 2024-01-09 at 16.38.54.jpeg

Айта кетейік, «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» велоспорттан бөлек, үлкен теннис, үстел теннисі, жеңіл атлетика сынды спортқа көңіл бөледі.

Барлық жаңалықтар