00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

VI жазғы Спартакиада: 6 әлем чемпионы финалда жұдырықтасады

19.11.2023 | 04:30
40

Бокстан Астанада өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финалдық айқастар өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info

13 салмақ бойынша 26 жекпе-жек өтіп, 26 финалист белгілі болды. 

4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын бәсекенің 2019 жылғы жеңімпаздарынан биыл қайта 5-еуі финалға жолдама алды. Олар: Асхат Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Шайкен (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі). 

Ең тартысты жекпе-жек 60 келі салмақта әлем чемпионатының қатысушысы Талғат Сырымбетов пен Бейбарыс Жексеннің арасында өтті. Өте шиеленісті жекпе-жекте жеңімпазды анықтау оңай болмады. Нәтижесінде қосымша төрешілердің араласуымен 4:3 есебімен Бейбарыс финалға өтті. 

63,5 келіде көпшілікті таңғалдырып, Санатәлі Төлтаевтан басым түскен Алматы спортшысы Жандос Қыдыралиев тағы да шеберлігін көрсетті. Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановтан еш сескенбей, терезесі теңдей айқас өткізді. Ұзақ кеңесуден соң, төрешілер 4:2 есебімен Серік Теміржановқа берді. 

Осы турнирде жарқын бокс үлгісін көрсетіп жатқан 86 келідегі Темірлан Мұқатаев та финалға қиналмай шықты. Жастар арасында 2 мәрте Азия чемпионы атанған 19 жастағы спортшы енді тәжірибелі Абзал Құттыбековпен жолығады. 

Айта кетейік, бүгін финалдық жекпе-жектер 12:00-де басталады. 

48 келі. 

Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) – Ернар Қарап (Абай облысы) 5:0

Асхат Жүсіпов (Астана қ.) – Ернұр Қайрат (Алматы қ.) 5:0

51 келі. 

Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) – Даниал Сәбит (БҚО) 5:0

Санжар Тәшкенбай (Астана қ.) – Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы) 5:0

54 келі. 

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) – Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) 5:0

Кенже Мұратұлы (Алматы облысы) – Дәулет Молдашев (ШҚО) 4:3

57 келі. 

Махмұд Сабырхан (Шымкент қ.) – Ерболат Сабыр (Павлодар облысы) 5:0

Асылжан Серікбай (Ұлытау облысы) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) 0:5

60 келі. 

Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы) – Жексен Бейбарыс (Жамбыл облысы) 3:4

Алмат Абдуали (Жетісу облысы) – Руслан Күзеубаев (Абай облысы) 0:5

63,5 келі. 

Жандос Қыдыралиев (Алматы қ.) – Серік Теміржанов (Павлодар облысы) 2:4

Ерасыл Таңқай (Алматы облысы) – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) 0:5

67 келі. 

Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) – Елнұр Сүйінбай (Қостанай облысы) – Дулат автоматты жеңіс

Бахтияр Смағұлов (Павлодар облысы) – Рахат Сейтжан (Маңғыстау облысы) 5:0

71 келі. 

Сабыржан Аққалықов (БҚО) – Фарух Тоқтасынов (Алматы қ.) 5:0

Дархан Дүйсебай (Алматы облысы) – Талғат Шайкен (Ақмола облысы) 2:5

75 келі. 

Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) – Тимур Нұрсейітов (Ұлытау облысы) 5:0

Азамат Бектас (Қызылорда облысы) – Диас Молжігітов (Жамбыл облысы) 0:5

80 келі. 

Ерасыл Жақпеков (Абай облысы) – Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы) 2:5

Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы) – Нұрбек Оралбай (Астана қ.) 0:5 

86 келі. 

Шаймұрат Құсайынов (Павлодар облысы) – Темірлан Мұқатаев (Астана қ.) 0:5

Бекзат Таңатар (Шымкент қ.) – Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы) 0:5

92 келі. 

Айбек Оралбай (Астана қ.) – Данияр Рахымбердинов (Алматы қ.) 5:0

Ерхат Бекзат (Абай облысы) – Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) 0:5

+92 келі. 

Дамир Тойбай (Алматы қ.) – Олжас Букаев (Павлодар облысы) 5:0

Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) – Аманат Сабырғали (Атырау облысы) 2:5

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар