00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Василий Жиров есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді

26.05.2023 | 14:00
38
Фото: AP Photo

Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Василий Жировтың есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді, деп хабарлады Elorda.info

Даңқ залы — әлемдік бокс тарихында айтарлықтай із қалдырып, мансабын аяқтап кеткен боксшылар коммисия шешімімен кіреді. Бұл тізімге Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Майк Тайсон т.б атақты боксшылар кірген. 

Жерлесіміз әуесқой бокста 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Атланта Олимпиадасында топ жарған. Сондай-ақ ең мықты боксшыға берілетін «Вэл Баркер» кубогын иеленген. 

жир.jpg

Кәсіпқой бокста 1997-2009 жылдар ара­лығында 42 мәрте шаршы алаңға шыққан. 38 рет жеңіс тойы­н (3 жеңіліс, 1 тең) тойлады. 32 қарсыласын нокаутқа жіберді. 1999 жылдың 5 маусымында АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Билоски қаласында IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін таласып, жергілікті боксшы Артур Уильямсты жетінші раундта жеңді. 

Чемпиондық атағын 4 жыл бойы қорғап, 2003 жылы Джеймс Тониден алғаш рет мансабында жеңілген.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар