00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Василий Ломаченко қазақ боксшыларымен неше рет жұдырықтасқан?

17.05.2023 | 20:24
34

Кәсіпқой бокстан алдағы жексенбі күні жұрт асыға күткен, жылдың басты жекпе-жектерінің бірінде 2 дүркін Олимпиада чемпионы Василий Ломаченко жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы Дэвин Хэйнимен жұдырықтасады. 35 жастағы талантты спортшы Василий Ломаченко алғаш рет аутсайдер ретінде рингке шығады. Осы орайда Elorda.info тілшісі Украина жұлдызының қазақ боксшыларымен өткізген жекпе-жектерін тізбектеп көрді. 

Василий Ломаченко әуесқой бокста 400-ге жуық жекпе-жек өткізіп, 1 рет қана Ресей боксшысы Альберт Селимовтан жеңілген. 

2013 жылы 10 мамыр күні WSB турнирінің финалы Астанада өтті. "Astana Arlans" пен "Украина Атамандары" өзара чемпиондық атаққа таласты. Сол сәтте Василий Ломаченко "Astana Arlans" клубының капитаны Самат Башеновты 3:0 есебімен жеңді. 

2011 жылы Украинада өткен Макар Мазайды еске алу турнирінің финалында Василий Ломаченко Лондон Олимпиадасының ширек финалисі Ғани Жайлауовты 18:5 есебімен жеңді. 

2010 жылы Астанада өткен Президент кубогында Василий Ломаченко 1/4 финалда Асылбек Таласбаевты 5:0, 1/2 финалда Самат Башеновты 13:4, финалда Айдар Әмірзақовты 5:0 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, Дэвин Хэйни мен Василий Ломаченко жекпе-жегі жексенбі күні таңғы 9:00-де Qazsport каналынан тікелей эфирде көрсетіледі.

f7461f83-91df-47eb-bf9a-595b5af922ce.jpeg

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар