00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары әлем жастарына таныстырылды

13.03.2024 | 10:22
41
Фото: дереккөз

Іс-шараға қатысушылар қатарында бизнес, БАҚ, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім, спорт, волонтерлік және қайырымдылық, балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері болды.

Фестивальге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның өкілдері де қатысты.

Волонтерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Бақдәулет Жанділдаев 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін ДКО тарихы, дүбірлі додаға дайындық барысы мен алдағы бағыт-бағдары туралы жан-жақты мәліметпен бөлісті. Жастар арасында волонтерлық қызметке қатысуға ниет білдіріп, шараға қызығушылық танытқандар қатары көп болды. 

190 елден келген қатысушылардың басын қосқан Сочидегі фестиваль халықаралық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып, жастардың кәсіпкерлік және қоғамдық-саяси өмірге араласуына кең мүмкіндік беретін алаң.

Барлық жаңалықтар