00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Универсиада-2023»: Ұлттық ұлан қызметшісі жеңімпаз атанды

08.08.2023 | 14:00
52
фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының нұсқаушысы ефрейтор Милад Карими Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиада-2023-те алтын иеленді, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, керме сайысында 14,800 ұпай нәтижесін көрсеткен қазақстандық гимнаст М.Карими финалдық жарыста бірінші орынды иеленді. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланның әскери қызметшісі ерлер арасындағы еркін жаттығулар бойынша Қазақстан құрамасына «күміс» және тірек жаттығулары бойына «қола» медаль әкелген болатын. 

Осы Универсиададан медальдардың толық жиынтығын алып кету бақытына ие болып отырмын. Мен керме жарысында бірінші орынға ие болдым, еркін жаттығулар бойынша екінші орын бұйырды және тірекпен секіру жаттығуынан қола медаль жеңіп алдым. Жарыстан алған эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Ұлттық ұлан қолбасшылығына халықаралық аренада өнер көрсетуге және жүлдегерлер тұғырына үш мәрте көтерілуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді әскери қызметші М. Карими.

Универсиадаға Қазақстан атынан қатысып жатқан спорттық гимнастикадағы ерлер құрамасы бес спортшыдан тұрады. Жалпы, Қазақстан атынан 11 спорт түрі бойынша 93 спортшы қатысып жатыр. 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 28 шілдеден бастап өтіп, 2023 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады.

 

Барлық жаңалықтар