00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

UFC ұйымында қай отандық спортшы антидопингтен көп өтеді?

18.07.2023 | 14:00
47

Жаз мезгілінде допинг дауы толастамай тұр. Бірер ай бұрын бірнеше ауыр атлетімізден допинг сынамасы табылса, жақында ғана бокстан ұлттық құрамадағы 2 спортшымыз шеттетілді. Осы орайда Elorda info тілшісі UFC ұйымындағы жерлестеріміздің жағдайын тексеріп көрді.

2023 жылы UFC ұйымы 658 спортшыны USADA антидопинг орталығы арқылы тексерген. Жалпы тексеріс саны 2 161.

Шавкат Рахмонов 4

UFC ұйымында еліміздің атынан ең жоғарғы рейтингте тұрған Шавкат Рахмоновтың допинг тестті көп тапсыратыны белгілі.

Азат Мақсұм 3

2 күн бұрын UFC-де дебютті жекпе-жегін өткізген Азат Мақсұм 3 мәрте тексерістен өтіп үлгерген.

Максим Морозов 3

Дамир Исмагулов 3

Жалғас Жұмағұлов 2

Жалғас кезекті жеңілісінен соң, ресми түрде UFC ұйымымен қош айтысты.

Мария Агапова 2

Асу Алмабаев 1

Асу әзірге айқаспады.

2022 жылғы статистика:

Шавкат Рахмонов 11
Дамир Исмагулов 8
Мария Агапова 7
Жалғас Жұмағұлов 6
Сергей Морозов 4

2023 жылы ең көп тексерістен өткен спортшылар:

Чарльз Джонсон 17

32 жастағы америкалық спортшы қазақ жанкүйерлеріне таныс. Ол былтыр жерлесіміз Жалғас Жұмағұловты төреші шешімімен жеңген. Дегенмен, айқаста Жалғас жеңілмедім деп, әділетсіздік үшін мансабын да аяқтаған еді. Чарльз биыл 3 жекпе-жек (1 жеңіс, 2 жеңіліс) өткізген.

Пауло Энрике Коста 16
Джон Джонс 15
Марлон Вера 13
Джессика Андраде 12

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар