00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Тобыл» үшінші мәрте Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды

26.02.2024 | 03:25
54

Футболдан тарихта алғаш рет Қазақстан Суперкубогі шетелде ұйымдастырылды. 

17-ші мәрте өткізілген Суперкубокта «Тобыл» бесінші, ал «Ордабасы» үшінші мәрте ойнаса да, қос клуб бірінші рет өзара кездесті. 

Тартысты бәсекеде қос клуб та негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмай, пенальти сериясында «Тобыл» 5:4 есебімен басым түсті. Қос команда 4 күн бұрын маусым алдындағы турнирдің финалында жолығып, «Ордабасының» пенальтиде жолы болған еді. 

- Қазақстан Суперкубогінде бірінші рет есеп ашқан клуб чемпион атана алмады. 

- Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы 5-ші рет пенальти сериясында белгілі болды. 

Осылайша, «Тобыл» 4 жыл қатарынан еліміздегі түрлі кубоктарды иеленіп келеді. 

2024 жыл – Қазақстан Суперкубогі

2023 жыл – Қазақстан кубогі

2022 жыл – Қазақстан Суперкубогі

2021 жыл – Қазақстан чемпионы 

Айта кетейік, турнир жеңімпазы 25 миллион теңге, ал жеңілген клуб 15 миллион теңге иеленді.

Енді 1 наурыз күні 33-ші Қазақстан чемпионаты басталады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар