00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыста чемпион атанды

06.11.2023 | 09:00
32
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Әлемнің 247-ракеткасы Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3.

Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін спортшымыз ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Б.Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

Барлық жаңалықтар