00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Спорттық құзға өрмелеушілер әлем кубогінде бақ сынайды

12.04.2024 | 14:21
57
Спорттық құзға өрмелеушілер әлем кубогінде бақ сынайды
Фото: дереккөз

Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Уцзян қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл сында Қазақстан атынан төрт спортшы өнер көрсетеді. Олар – Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Тамара Олжабаева және Бекнұр Алтынбеков. 

Турнир 12-14 сәуір аралығына жоспарланған. Жарысқа жалпы есебі 235 спортшы қатысады. 

Айта кетелік, аталған спорт түрінен әлем чемпионатының тарихи жүлдесін Ришат Хайбуллин жеңіп алған. Ол 2019 жылы қола жүлдегер атанды. 

Барлық жаңалықтар