00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Спорт күніне орай елордада 20-ға жуық іс-шара өтеді

19.08.2023 | 02:30
29
Фото: Оңалхан Өнерхан

Спорт күніне орай еліміздің барлық өңірінде жүзден астам іс-шара өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Оның ішінде ересектер, балалар, жасөспірімдер мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасындағы спорттық жарыстар, спорттық қойылымдар, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау рәсімдері, марафондар, көңілді старттар және тағы басқа бұқаралық іс-шаралар өтеді.

Астанада 20-ға жуық ірі іс-шара ұйымдастырылады. Мысалы, әуесқой спортшыларға арналған Astana triathlon триатлонынан турнир, жастар арасында триатлон мен акватлоннан қала чемпионаты, Astana Run Challenge 10 км-ге жүгіру, «№3 БЖСМ» КММ спортшылары арасындағы жарыс, паракаратэден ашық қалалық турнир, байдарка мен каноэде есуден қала чемпионаты, қазақ күресінен жарыс, елорда аудандарының тұрғындары арасында армрестлинг, арқан тарту және кір тасын көтеру және т.б. сайыстар бар.

Жамбыл облысында 40-тан астам іс-шара өтеді, оның ішінде футбол, волейболдан жарыстар және аудандық спорт қызметкерлерін марапаттау рәсімдері. Қарағанды облысында 30-дан астам іс-шара өтеді. Оның ішінде «Арай-2023» XVI облыстық спартакиадасы бар.

Спорт күні – қазақстандықтар арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Сондықтан бірнеше күн ішінде жаппай ел аумағында спартакиадалар, сондай-ақ әуесқойлар арасында облыстық, қалалық және аудандық жарыстар өтеді. Ұсынылған спорт түрлері бойынша да, қатысушылар құрамы жағынан да мейлінше көп адамды қамту – басты мақсатымыз. Бұл жарыстарда кез келген адам сайысқа қатысып, өз күшін сынап көре алады, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Барлық жаңалықтар