00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әскери қызметшілер арасында Ұлттық ұлан чемпионаты басталды

07.02.2024 | 10:26
75
Фото: дереккөз

Жарыстың ашылу салтанатында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы, полковник Сәтжан Әбішев сайысқа барлығы жеті команда жиналғанын мәлімдеді. 

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан волейбол жарысына қатысушыларға сәттілік тілеймін. Сайыста тек қана мықты команда жеңіске жетсін. Сондай-ақ жарысты өткізуге қолдау білдірген Алматы облыстық Туризм және спорт басқармасына және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіне алғыс білдіреміз, - деді полковник Сәтжан Әбішев.

bc394abc-f21b-45e6-8797-c74a75918dfe.jpg

Сонымен қатар салтанатты шарада Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ерболат Сарабековке «Ұлттық ұлан үздігі» кеуде белгісі табысталды.

Жарыс айналмалы жүйе бойынша өткізіледі. Әр кездесу екі партиядан тұрады. Командалар тең түскен жағдайда 15 ұпайға дейін қосымша партия ойналады. Партиядағы жеңісі үшін командаға – 1 балл, ұтылғаны үшін – 0 балл беріледі. Чемпионат жеңімпазы кездесулердегі жеңіс санының көптігімен анықталады. Көрсеткіш тең болған кезде қос үміткер команда бетпе-бет кездесудің нәтижесі бойынша анықталады.

Аталмыш додаға құқықтық тәртіп әскерінің «Оңтүстік» (Алматы қ.), «Орталық» (Қарағанды қ.), «Батыс» (Орал қ.) және «Шығыс» (Өскемен қ.) өңірлік қолбасшылықтары мен Ұлттық ұлан Академиясының (Петропавл қ.), 5573 (Астана қ.) және 6654 (Қаракемер кенті) әскери бөлімдерінің командалары қатысып жатыр.

Айта кетейік, чемпионат жеңімпазы 9 ақпан күні анықталады. Турнир жеңімпаздарына кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар беріледі. Жүлдегерлер мен қатысушылар да марапатталады. Сонымен қатар, «Үздік әмбебап ойыншы», «Үздік бұғаттаушы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік либеро», «Турнирдің ең үздік ойыншысы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.

Барлық жаңалықтар