00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Шавқат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақытын таңдады

30.05.2023 | 16:30
35
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақытын таңдады, деп хабарлады Elorda.info

Асу Алмабаевтың сөзінше, Шавқат қазір октагонға қайта шығу үшін дайындығын бастап кеткен. Бұған дейін Рахмонов 31 жастағы америкалық Келвин Гастелумды жекпе-жекке шақырған еді. 

Шавкат кім берсе, сол адаммен төбелесе беретін адам. Ешкімнің бетін қайтармайды, қарсылас таңдамайды. Жиын кезінде көп жаттықтығып, кеше ғана қайтты. Ол тамызда немесе тамыздың соңында жекпе-жек өткізгісі келеді. Жиынға бекер қатысып жатқан жоқ, салмақ қосып жатыр. Егер салмақ қосса, бір нәрсеге дайындалып жатыр деген сөз. Дайындық басталғанда менеджерлер жұмыс істейді, лига да жұмыс істейді. Ал қарсылас табылады, – деді Асу Алмабаев IGORKAKDELA YouTube-арнасына берген сұхбатында. 

Барлық жаңалықтар