00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

SAMRUK BALA CUP: Республикалық хоккей турнирінің жеңімпаздары анықталды

06.02.2024 | 14:46
49

4-6 ақпан аралығында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен өткен жарысқа Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарынан 300-ден астам бала мен жаттықтырушы қатысты. 

1-орын. «Родина» (Ақмола облысы)

2-орын. «ДЮШС Алтай» (ШҚО) 

3-орын. «Юность»(Павлодар облысы) 

Финал

«Родина» — «ДЮШС Алтай» 3:1

3-орын үшін ойын

«Юность» — «Бакрчик»(Абай облысы) 

04.jpg

Турнирдің марапаттау рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысып, жүлделі 1, 2 және 3 орын жеңімпаздарын марапаттады. 

«Елімізде алғаш рет ауыл балалары мен жасөспірімдері арасында «SAMRUK BALA CUP» атты ауқымды республикалық хоккей турнирі ұйымдастырылып отыр. Бұл Қазақстанда жасөспірімдер мен жастар спортын дамытуға бағытталған тамаша қадам. Жас спортшылардың әлеуеті мен олардың жеңіске деген құлшынысы бізде чемпиондардың керемет буыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұқаралық спортты дамытудағы жобаларды жалғастыратын боламыз», – деп атап өтті Ғибрат Ауғанов. 

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ атынан қатысқан әр командаға хоккей жабдықтарын алуға  250 000 теңгеге сертификаттар табысталды. 

05.jpg

Турнир «Самұрық-Қазынаның» қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен «Altyn shaibaly» жобасы аясында екінші рет өткізіліп отыр. Сәуірде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ауыл балаларының командалары арасында тағы бір турнир өтеді. Жоба балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейді дамытуға бағытталған.

 

                                                                                                       Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар