00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шахматтан Астана құрамасы ел чемпионаты атанды

10.04.2024 | 12:22
Елорда ақпарат
71
Шахматтан Астана құрамасы ел чемпионаты атанды
Фото: дереккөз

Қызылордада ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында өткен классикалық шахматтан Астана қаласының құрама командасы чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионатқа еліміздің 11 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 86 шахматшы қатысты.

Ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтың қорытындысы бойынша 7 кездесуде де басым болған Астана құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Құрама сапында Аслан Айтбаев, Аян Ахметов, Әлішер Мажкенов және Амина Қайырбекова өнер көрсетті.

Дәл осы санатта Қызылорда облысының құрамасы күміс медальға қол жеткізсе, Павлодар облысының спортшылары қола жүлдені еншіледі.

Ал ардагерлер арасындағы бәсекеде Алматы қаласының спортшылары алтыннан алқа тақты. Жүлделі екінші орынға Владислав Насыбуллин, Арман Оспанов, Құнанбай Сағнаев және Әлфия Төребаева бастаған астаналық ардагер спортшылар жайғасты. Қоланы Жамбыл облысының ардагерлері иеленді.

Қызылорда төрінде тоғыз күнге созылған классикалық шахматтан ҚР командалық чемпионатының жеңімпаздары өз санаттары бойынша дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар