00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Рикардо Хуарес: Құдайдың өзі оның аз өмірі қалғанын ескергенін түсіндім         

04.04.2024 | 15:15
42
Рикардо Хуарес: Құдайдың оның аз өмірі қалғанын ескергенін түсіндім         
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың туған күні. Осы орайда оның спорттық мансабындағы басты шешуші жекпе-жектегі қарсыласы болған Рикардо Хуарестің өзі үшін сәтсіз болған кездесу туралы естелігін бөлісіп отырмыз.   

2000 жылы Сидней төрінде басты фавориттің бірі әлем чемпионы Рикардо Хуарес саналды. Оның ақтық финалға дейінгі өткізген жекпе-жегі көзіқарақты оқырманның есінде болар. Ол осы Олимпиадада Бекзатқа дейін 1/16 финалда Азия чемпионы - Бижан Батманиді (Иран), 1/8 финалда 2 мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Фальк Хустені (Германия), 1/4 финал кезінде Атланта Олимпиадасының чемпионы Сомлук Камсингті (Таиланд), 1/2 финалда  Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Камиль Джамалутдиновті (Ресей) жеңді.

Ал финалда ересектер арасында айтулы жетістікке жетпеген, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Саттархановқа 14:22 есебімен есе жіберді.

Жеңілген сәтте өз-өзіме неге деген сұрақ қойдым. Чемпион атану үшін, барлығын істедім. Көп дайындалдым. Бірақ бұйырмады.

Арада 3 ай өтті. Маған телефон соғып, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза тапқанын айтты. Сол кезде ғана Құдайдың қазақ боксшысының аз өмірі қалғанын ескергенін түсіндім» — деді, Рикардо Хуарес.

Артынша Хуарестің өзі де 2001 жылдың 13 қаңтарында түбегейлі кәсіпқой боксқа бет бұрды.  

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар