00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

QYSQY TRIATLON: 200-ге жуық әуесқой спортшы бақ сынады

18.02.2024 | 10:12
57

Бүгін Триатлон саябағында 200-ге жуық әуесқой спортшы бас қосты.

Астана төрінде триатлон жарысын 4-ші мәрте өткізіп жатырмыз. Биылғы жарыстың ерекшелігі ретінде эстафета бойынша жеңімпаздар анықталды. Алғашқы жарысымызда 50-дей ғана спортшы қатысса, енді олардың қатары 3-4 есеге көбейді.

Бүгінгі жарыс барысын қадағалай отырып, келесі жылы балаларға да арнап сайыс түрін кіргізуді жоспарлаймыз.

Дәл осы триатлон жарысында жаздық спорттың мықтылары мен шаңғының көшбасшылары соңынан дейін чемпион болуға барын салады. Әйтсе де, шешуші сайыс шаңғы болғандықтан, Солтүстік өңірдің тумалары топ жарады», — деп, Астана қаласының Триатлон федерациясы президенті Евгений Больгерт пікірін білдірді.

d8173564-c5f7-49f0-9daf-1b280b889a33.jpeg

Жарыс барысында қатысушылар 3 түрлі спорт түрі бойынша сайысқа түсті.

• жүгіру – 2,5 шақырым;

• велоспорт – 3 шақырым;

• шаңғы жарысы – 2,5 шақырым.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, Астанадағы жарысқа тек қана қала тұрғындары ғана емес, Қарағанды, Көкшетаудан да арнайы түрде келетіндердің қарасы көп.

7175d313-0fa1-41d0-913a-51ac5461b013.jpeg

Күннің аяздығына байланысты турнир таңғы 9:00-ден 12-ге ауыстырылған еді. Бұл жайында қатысушылар да өз ойын айта кетті.

Ауа-райы -20 градустан асып тұрса да,  бүгінгі күн жарыс үшін өте ыңғайлы болды. Шаңғы спортынан ұлттық ққраманың мүшесі болсам да, дәл осындай триатлонға бірінші рет қатыстым. Әр спортшы тек жақсы көрсеткішке қол жеткізгісі келеді. Міне сол жоспарым орындалды,— деді, Щучинсктен арнайы келген Святослав Матасов.

Триатлон федерацияларының айтуынша, бұл 2024 жылдағы алғашқы жарыс. Жыл соңына дейін әлі 10-нан астам турнир өткізіліп ұпай сандары бойынша жалпы жеңімпаздар белгілі болады.

fb7222ca-5400-487d-82a6-ec7453af3c0a.jpeg

Жарыс соңында әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары марапатталып, ақшалай сыйақы берілді.

Енді кезекті триатлон бәсекесі наурыз айының ортасында жабық кешендегі спорт сарайында ұйымдастырылады.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар