00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Париж Олимпиадасы: Қазақстанға неше жүлде бұйырады?

09.11.2023 | 05:30
36
Фото: Олимпиада парақшасынан

Gracenote сараптамалық компаниясы Париж Олимпиадасына байланысты жаңартылған болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda info.

Болжам ұсынған компанияның мәліметіне сенсек,  Қазақстанға 2  алтын, 1 күміс, 8 қола бұйырып, жалпы есепте 23-орынға тұрақтайды. Ал өзге Орталық Азия елдерінен Өзбекстанға 3 алтын, 4 күміс, 6 қола бұйырады-мыс. 

Париж Олимпиадасына алғашқы болжам шілде айында шығып, Қазақстанға 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлде болатын жазған. Бұндай сәуегейлік шешімдер шығарар кезде  сол ел спортшыларының осыған дейінгі Олимпиададағы көрсеткіштері, әлем, құрлық біріншілігіндегі нәтижелері есепке алынады. 

Дегенмен, бұл тізімде Ресей мен Беларусь мемлекеттері қамтылмаған.

Ал ТОП-5 тізімге енген елдер қатарында; 

АҚШ — 38 алтын, 44 күміс, 45 қола. 

Қытай — 33 алтын, 20 алтын, 22 қола. 

Франция — 27 алтын, 17 күміс, 9 қола.

Ұлыбритания — 17 алтын, 22 күміс, 26 қола. 

Нидерланды — 16 алтын, 9 күміс, 13 қола, елдері тұр.

Келер жылы 26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтетін Париж Олимпиадасында 32 спорттан 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстаннан 10 спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленіп үлгерген.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар