00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Париж-2024: Лицензиялық турнирлер қай елдерде және қашан өтеді?

25.01.2024 | 13:00
71
Фото: Olympics.com

26 шілде-11 тамыз күндері аралығында Париж жазғы Олимпиадасы өтеді. Аталмыш бәсекеде 32 спорттан 48 дисциплина бойынша 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында 7 спорт түрі бойынша 19 Олимпиада жолдамасы бар. 

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың сөзінше алдағы басты жоспар – Париж Олимпиадасының жолдамасын 90-ға жеткізу.

Төменде бірнеше спорт түрлері көрсетілген. Ал кей спорттарда жолдама бірнеше сайыстың қорытындысы бойынша рейтингтік орындармен үлестіріледі.

Су түрлерінен әлем чемпионаты – 2-18 ақпан күндері Катар астанасы Дохада өтеді. Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялық турнирі.

Су добы – 5-17 ақпан күндері Катар астанасы Дохада әлем чемпионаты өтеді. Ерлер құрамасының қарсыластары: Италия, Венгрия, Румыния.

Үстел теннисі – 16-25 ақпан күндері аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтеді. Ширек финалға шыққан 8 команда Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.

Аралас жұптық сайыстан әлемдік іріктеу турнирі Чехияның Хавиров қаласында өтеді.

Бокс. 29 ақпан-12 наурыз күндері аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында әлемдік іріктеу кезеңі өтеді. 

Ал 23 мамыр-3 маусым күндері аралығында Таиланд астанасы Бангкокта шешуші лицензиялық жарыс жоспарланған.

Таэквондо – 15-16 наурыз күндері Қытайдың Тайань қаласында Азия құрлығының іріктеу турнирі.

Ауыр атлетика – 2-11 сәуір күндері Таиландтың Пхукет қаласында әлем чемпионаты өтеді.

Нысана көздеу – тапанша және винтовкамен ату бойынша жәлемдік іріктеу турнирі 11-19 сәуір күндері Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өтеді.

Стенд ату – 19-29 сәуір күндері Катардың Доха қаласында әлемдік іріктеу турнирі жоспарланған.

Күрес – 19-21 сәуір күндері Қырғызстанның Бішкек қаласында Азия құрлығының іріктеу турнирі.

9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында әлемдік іріктеу турнирі.

Академиялық ескек есу – 19-21 сәуір күндері Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында Азия және Океания құрлығының іріктеу турнирі өтеді.

19-21 мамыр күндері Швейцарияның Люцерн қаласында шешуші іріктеу сайыс.

Семсерлесу – 27-28 сәуір күндері БАӘ-ның Дубай қаласында Азия және Океания құрлығы бойынша іріктеу турнирі.

Брейкинг және спорттық құзға өрмелеу – 16-19 мамыр күндері аралығында Қытайдың Шанхай қаласында қаласында іріктеу турнирі.

20-23 маусым күндері аралығында Венгрия астанасы Будапештте лицензиялық жарыс.

Каноэде есу – 7-9 маусым күндері аралығында Чехия астанасында Прагада әлемдік іріктеу сайысы жоспарланған.

Садақ ату – 15-16 маусым күндері Түркияның Анталия қаласында жеке және командалық бәсеке бойынша лицензиялық турнир.

Барлық жаңалықтар