00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісінің жеңімпаздары анықталды

18.04.2024 | 18:02
55
Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісінің жеңімпаздары анықталды
Фото: дереккөз

Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне жариялаған конкурсы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда 2 жеңімпаз белгілі болды:

- «Спорттық форма» номинациясы – «Health&Sport» ЖК;

- «Салтанатты спорттық форма» –«Эксклюзив студио» ЖШС;

- «Ту ұстаушылардың спорттық формасы» – «Эксклюзив студио» ЖШС.

Бірінші кезеңде 15 қатысушы өз материалдарын 15 сәуірге дейін жіберген болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.

Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері болды. Бұл құрамда Елдос Сметов, Азамат Дәулетбеков, Жәмила Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов сынды спортшылар да бар.

Ұсынылған материалдарда қоғам тарапынан айтылған сындар да ескерілді. Спорттық киімдердің сапасы талапқа сай жоғары.

Барлық жаңалықтар