00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Пара дзюдодан ел құрамасы Азия чемпионатын 2 алтын медальмен бастады

29.04.2023 | 10:06
37
Фото: dknews.kz

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында пара дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бұл жарысты  2  алтын, 1 күміс және 1 қола медаль аджы, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан Дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық Даяна Федосова (-57кг, J2) мен Ерғали Шамей (-73кг, J1) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 кг, J2) қола медаль еншіледі.

Азия чемпионатының ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов , IBSA (Дүниежүзілік Пара Дзюдо ұйымы) Дзюдо төрағасы Янош Тардос және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында былтырғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен парадзюдошылар Ақмарал Науатбек және Ерғали Шамей «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен марапатталды. Сондай-ақ спортшыларды даярлаған бапкер Дәурен Оразов  «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағына ие болды.

Астана татамиінде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Таиланд елдерінен келген 100-ден астам спортшы бақ сынап жатыр. 

Бұл жарыстың нәтижесінде парадзюдошыларға 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін қажет ұпай берілетінін айта кеткен жөн. Париж Паралимпиадасы алдындағы ресми чемпионатта спортшылар J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша бақ сынауда. 

Құрлықтық дода 30 сәуірге дейін жалғасады. 

Пара дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінің нәтижесі келесідей:

Әйелдер 

J2 - 48 кг

1.Хюрамова Лобар (Өзбекстан)
2.Науатбек Ақмарал (Қазақстан)
3.Фудживара Юи (Жапония)
3.Кокила (Иран)


J2 -57 кг

1.Федосова Даяна (Қазақстан)
2.Ходжаева Кумусхон (Өзбекстан)
3.Хиросе Жунко (Жапония)
3.Кудо Хироко (Жапония)

J1 -48 кг

1.Хусанқызы Халитхон (Қырғызстан)
2.Тойрова Фотима (Өзбекстан)
3.Жанки Бай (Үндістан)
3.Саламатова Регина (Қырғызстан)

Ерлер:

J1 -60 кг

1.Банитаба Хоррам Абади Сеиед Меисам (Иран)
2.Пармар Капил (Үндістан)
3.Абдикаримов Темирлан (Қырғызстан)
3.Конгсук Витоон (Тайланд)

J1 -73 кг

1.Шамей Ерғали (Қазақстан)
2.Мамедов Шохрух (Өзбекстан)
3.Суранов Маматибраим (Қырғызстан)
3.Борчлоу Махди (Иран)

J2 -60 кг

1.Нуриллаев Кемран (Өзбекстан)
2.Ли Мин Жае (Оңтүстік Корея)
3.Джумагулов Алихан (Қырғызстан)
3.Намозов Шерзод (Өзбекстан)

J2 -73 кг

1.Жедди Вахид (Иран)
2.Сето Южиро (Жапония)
3.Ким Донгоон (Корея)
3.Оразалыұлы Олжас (Қазақстан).

Барлық жаңалықтар