00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Отандасымыз фристайл-акробатикадан Еуропа кубогінде алтын медаль алды

10.12.2023 | 09:30
41
Фото: freepik

Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогінің кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде еліміздің спортшысы 83.47 балмен бірінші орын алды. Екінші орынға Канада өкілі Александра Монтмини (65.45 балл), үшінші орынға америкалық Амелия Глоговски (62.14) табан тіреді.

Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.

Айта кетейік, Алдабергенова бұған дейін Рукада өткен әлем кубогі кезеңінде де жүлде алған болатын. Ол 77.43 балмен қола медаль еншіледі.

Барлық жаңалықтар