00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қос боксшымыз допингке байланысты спорттан шеттетілді

09.07.2023 | 14:30
53
Фото: olympic.kz

Әуесқой боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік 2026 жылға дейін шаршы алаңға шықпайды, деп хабарлады Elorda.info.

Абзал Серік 20 жастағы талантты спортшы былтыр ғана «Elorda Cup» турнирінде 67 келі салмаққа ауысып, финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты 4:1 есебімен жеңіп еді. Биыл 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Өзбек бапкерлері дәл осы боксшыны ерекше атап өтіп, мақтаған болатын. Жастар арасында Азия чемпионы. 2021 жылы 63,5 келі салмақта Қазақстан чемпионатының финалына шығып, Ділмұрат Мижитовтан 2:3 есебімен жеңілген.

Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионы.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар