00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Олимпиадаға жолдама алу үшін бокс құрамасы лицензиялық турнирге қатысады

09.01.2024 | 09:30
50
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Италияның Милан қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындықты бастап кетті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен боксшылар Италияда болатын лицензиялық турнирге жиналады. Аталмыш жарысқа қатысу үшін қазақстандық былғары қолғап шеберлері дайындықты бастады. Ұлттық құрама спортшыларының тізімі кейін жарияланады. Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетовтің айтуынша, қазақстандық боксшылар лицензиялық турнирге дейін екі дайындық кезеңіне қатысады. 

Қазіргі таңда команда Алматыда жаттығу жиынын өткізуде. Бұл кезеңде жалпы дене жаттығуына көңіл бөлінеді. Ал турнир жақындағанда арнайы физикалық дайындық басталады. Сол жиынға қатысуға шетелдік командалар да сұранып отыр. Атап айтар болсақ, Иран мен Әзербайжан командасы келеді. Сондай-ақ, тағы бірнеше мемлекет өтініш білдіруде, – деді Әзиз Қожамбетов. 

Барлық жаңалықтар