00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды

13.04.2023 | 17:00
32
Фото: ktf.kz

Астанада Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13.30-да кортқа шығады.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.

photo

Сенбіде Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сында Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13.30-да басталады.

Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Барлық жаңалықтар