00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Astana Indoor Meet турниріне қатысатын отандық спортшылар белгілі болды

19.12.2023 | 13:30
42
фото: olympic.kz

Астанада World Athletics санатындағы турнирлер қатарына енетін Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Париж Олимпиадасының рейтингтік ұпайлары сарапқа салынатын турнирге Қазақстан атынан Ольга Сафронова мен Кристина Овчинникованың қатысына белгілі болды.  

Сафронова 60 метрге жарысудан бақ сынайды. Ол Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері. 

Ольга Сафронованың жабық кешендегі 60 метрге жеке рекорды – 7.26 секунд.

Биіктікке секіру дисциплинасы бойынша Кристина Овчинникова өнер көрсетеді. 

Ол Азия чемпионы, жабық кешендегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ жабық кешендегі ұлттық сайыстың жеңімпазы. Оның үздік жеке көрсеткіші – 1.96м (ашық алаңда), 1.95м (жабық кешенде).

Сондай-ақ, Астанадағы турнирге сырықпен секіруден әлем рекордшысы, әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатыспақ.

Барлық жаңалықтар