00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

15.10.2023 | 04:40
35
Фото: ашық дереккөз

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті чемпиондық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Кәсіпқой бокстан АҚШ-та өткен кеште WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) IBF тұжырымы бойынша чемпион саналатын Винченцо Гуальтариді (21-1-1, 7 KO) 6 раундта техникалық нокаутпен жеңді.

2022 жыл. 30 тамыз. WBO белбеуі

2023 жыл. 15 қазан. IBF белбеуі

Соққылар статистикасы:

Жәнібек Әлімханұлы 243 соққы бағыттап, 82-сін дәл тигізді.

Винченцо Гуальтари 85 соққы бағыттап, 22-сін дәл тигізді.

Орта салмақтағы өзге әлем чемпиондары кімдер?

WBA белбеуі 40 жастағы Эрисланди Лара (Куба) 

WBC белбеуі 33 жастағы Джермалл Чарло (АҚШ)

Барлық жаңалықтар