00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ұлттық құрама Сан-Марино және Словения матчтарына дайындықты бастады

07.11.2023 | 04:00
32
Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда қорытынды ойындарын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастады. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады.

Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын елордада, «Астана Арена» стадионында 21:00-де басталады. 

Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Ойын Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен 01:45 (жергілікті уақытпен 20:45).

Барлық жаңалықтар