00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Әлішер Келгенбай «Астана» футбол командасы сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді

16.03.2024 | 05:30
54
Фото: instagram.com/alisher.kelgenbay

Әлішер Келгенбай «Астана» командасының ойыншыларына өзін таныстырды. 

Ассалаумағалейкум, жігіттер! Есімім – Әлішер, қазақ футбол блогерімін. Оқырмандарым үшін мен ең мықты футболшымын. Бірақ «Астана» футбол клубының ойыншыларымен танысып, менен де мықты футболшылар бар екенін көрсетуіміз керек. Бірге жаттығу жасап, чемпиондыққа жетейік. Қазақстанның ең сүйікті командасына айналайық, – деді Әлішер. 

Еске салайық, Әлішер Келгенбай «Астана» футбол клубымен 6 айға келісімшарт жасасқан еді. 28 жастағы ойыншы тұңғыш рет кәсіпқой футболда бақ сынамақ. Ол жақында футболдан әуесқойлар арасындағы AFL сup халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының сапында ойнап, чемпион атанған еді. 

Барлық жаңалықтар