00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Лицензиялық турнир: 5 боксшымыз ширек финалға шықты

11.03.2024 | 03:58
57
Фото: Аян Төлеген

Алғаш болып әйелдер бәсекесінде әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова 50 келі салмақта жас боксшы Чон Джухённан 4:1 есебімен басым түсті. 

Жекпе-жек барысында жерлесіміз алға ентелей ұмтылған Оңтүстік Корея боксшысын дәл соққылармен күтіп алып, қажет ұпайларын түгелдеді. Есеп: 4:1.

Одан кейін 51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Бахрейн намысын қорғайтын отандасымыз Азат Махметовті 4:1 есебімен ұтты. 

Бір-бірін аңдысып өткен айқаста Сәкен дәл соққыларын мейлінше көп бағыттады. 

80 келі салмақта әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алферовті 3:2 есебімен жеңді. 

Алғашқы раундта Нұрбек 2:3 есебімен жол бергенімен, екінші раундта дәл соққыларының арқасында таразы басын өзіне бұрды. Ал шешуші раундта жерлесіміз қарымта шабуылдарға иек артып, жеңісті есеп сақтап қалды. 

Кешкі сессияда әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі кезекті жекпе-жегінде Жосуе Тирадоны (Пуэрто-Рико) 5:0 есебімен жеңді.

Талантты боксшымыз шешуші раундта техникалық шеберлігін керемет пайдаланып, таза ұтты. 

Ең соңғы болып 71 келіде әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов шықты. Ол 1/8 финалда Түрікменстанның жас боксшысы Байрамдур Нұрмұхаммедовті 3:2 есебімен жеңді. 

Алғашқы раундта жерлесіміз қашықтықтағы басымдығын пайдаланып, 5:0 есебімен ұтты. 2-раундта түрікмен өкілі толассыз шабуылдап, 4:1 есебімен таразы басын теңестірді. Шешуші раундта қос спортшы да барын салып, сәл ғана басымдықпен Асланбектің пайдасына шешілді. 

11 наурыз күнгі бокс кестесі: 

75 келі. 17:45

Валентина Хальзова – Кинди Нгамба (Ұлыбритания) – былтырға дейін босқындар құрамасында жұдырықтасып келген. 

92 келі. 18:45

Айбек Оралбай – Жамар Таллей (АҚШ) 

Кешкі сессия 

50 келі. Уақыты: 23:00

Алуа Балқыбекова – Макси Карина Клоетзер (Германия) 

51 келі. Уақыты: 00:45

Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания) – Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері

57 келі. Уақыты: 01:00  

Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан) – 2011 жылы Астана төрінде өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында топ жарған. 2011 жылы әлемде ең мықты жасөспірім атағын жеңіп алды. 

71 келі. Уақыты: 01:30

Асланбек Шымбергенов – Вархан Алиев (Әзербайжан) – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.  

80 келі. 02:00  

Нұрбек Оралбай – Келин Кассиди (Ирландия) – 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі, Еуропа ойындарының күміс жүлдегері.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар