00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әлем чемпионаты: Жеңілген боксшымыз IBA президентіне наразылығын білдірді

04.05.2023 | 10:00
43
Фото: ашық дереккөз

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіде өнер көрсеткен Талғат Сырымбетов өзінің жеңілісі жайлы әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Құрметті Омар Назарұлы, сізден Иордания боксшысымен болған жекпе-жекті көруіңізді сұраймын. Дұрыс шешім шығатынына мүдделімін, өйткені жеңіс әділетсіз түрде қарсы тарапқа берілді. Өз атымнан сізге өтініш жасаймын. 

Құрметпен, Талғат Сырымбетов.

Боксшымызды қыздар ұлттық құрамасының мүшесі Надежда Рябец, ұлттық құраманың боксшысы Санжар Тәшкенбай, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Елнұр Сүйінбай, жекпе-жек шебері Дастан Бекен, 57 келідегі Әзірбайжан құрамасының боксшысы Умид Рустамов қолдап, пікір жазды. Одан бөлек, қазақ жанкүйерлері IBA президенті Умар Кремлевтің әлеуметтік парақшасына да тоқтамай жазып жатыр. 

Айта кетейік, Талғат Сырымбетов даулы жекпе-жекте Азия чемпионы, Иордания боксшысы Мохамед Абу-Джаджехтен 1:4 есебімен жеңілген еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар