00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әлем чемпионаты: Үстел теннисінен ел құрамасы плей-оффқа шықты

21.02.2024 | 03:25
53
Фото: дереккөз

Қазақстанның ерлер құрамасы Кореяда сәтті өнер көрсетуде. Кирилл Герасименко бастаған спортшылар АҚШ құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, өз тобында екінші орын иеленді. Сондай-ақ, әлемдегі үздік 24 команда қатарына енді. 

№2 топ:

1-орын Германия;

2-орын Қазақстан;

3-орын Англия;

4-орын АҚШ;

5-орын Сауд Арабиясы.

Біздің құраманың көшбасшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. 

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясы әлемдегі ең ірі халықаралық спорт федерациясы. Федерацияға 227 ел енген және әлем чемпионатына тек 40 ұлттық құрама қатыса алды. Қазақстан Пусанда ойнау үшін финалдық сегіздікке кіріп, құрлықтық біріншілікте лицензия жеңіп алды.

Енді Қазақстан командасы 1/8 финалға шығу үшін Үндістан құрамасына қарсы жекпе-жек өткізеді.

Барлық жаңалықтар