00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандық спортшылар әлем кубогінде жүлдегер атанды

05.04.2024 | 17:46
Елорда ақпарат
59
Қазақстандық спортшылар әлем кубогінде жүлдегер атанды
Фото: ашық дереккөз

Қатар еліндегі әлем чемпионатында көркем жүзуден әлем чемпионы атанған Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Су спорты түрлерінен Бейжіңде басталған әлем кубогінің кезеңінде көркем жүзуден техникалық бағдарламада (микс дуэт) тұңғыш әлем чемпиондары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жүлде тұғырынан көрінді.

Қытай – 206.8800 ұпай

Қазақстан – 199.4450

Испания – 195.5616

Бұл отандастарымыздың әлем кубогіндегі бірінші жүлдесі емес. Бұған дейін 2023 жылы Испания мен Египет төрінде де жеңімпаздардың қатарына кірген болатын.

Сондай-ақ, техникалық бағдарлама бойынша әйелдер арасындағы топтық сайыста да жерлестеріміз қола жүлде жеңіп алды.

Қытай – 250.2686 ұпай

Аустралия – 229.117

Қазақстан – 208.6020

Айта кетейік, бұл кезеңде 14 елден келген 85 спортшы сынға түсіп жатыр.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар