00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандық садақ атушылар әлем кубогінде бақ сынайды

22.04.2024 | 15:24
55
Қазақстандық садақ атушылар әлем кубогінде бақ сынайды
Фото: дереккөз

Садақ атудан Қазақстан командасы Қытайдың Шанхай қаласында басталатын әлем кубогінің алғашқы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Бас бапкер Артем Кичкиннің айтуынша, турнир қарсаңында спортшылар Түркияда жаттығу жиынын өткізген. 

10-20 сәуір аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда Түркия құрамасымен бірге дайындалып, тәжірибе алмастық. 

Бұл жиынның басты мақсаты – спортшылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Одан бөлек, олардың психологиясымен, физикалық, техникалық және тактикалық әлеуетін арттыру жағынан жұмыс істеудеміз,  -  дейді бас бапкер. 

Шанхайдағы әлем кубогінде Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды: 

Классикалық садақ ату:

Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Әлихан Мұстафин, Александр Еременко; 

Әйелдер: Алина Ілиясова, Гаухар Игібаева, Диана Тұрсынбек, Алуа Мұхтарханова; 

Блоктық садақ ату:

Ерлер: Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев, Андрей Тютюн, Бунед Мырзаметов; 

Әйелдер: Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.

Барлық жаңалықтар