00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Қазақ балуаны UWW рейтингінде көш бастады

17.04.2024 | 19:03
46
Қазақ балуаны UWW рейтингінде көш бастады
Фото: дереккөз

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде 1-орынға шықты, деп хабарлады Elorda.info

Азамат Бішкектегі Азия чемпионатында топ жарған соң, жалпы есебі 52 400 ұпаймен 86 келіде бірінші орынға көтерілді. 

Екінші орында 45 000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орында 44 000 ұпай жинаған Сан-Марино өкілі Амин Майлз тұр. 

Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында 86 келі салмақта жеңіске жетті. Ол қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Одан бөлек, Дәулетбеков 2022, 2023 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері. 

Барлық жаңалықтар