00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Кәсіпқой бокс: Қай спортшымыз қанша пайда тапқан?

17.10.2023 | 12:00
41
Фото: ашық дереккөз

Кәсіпқой бокста жетістікке жеткен жерлестеріміз бірнеше мәрте өзге чемпиондармен жұдырықтасқан. Осы орайда Elorda info сайты отандық спортшылардың айқастан тапқан табыстарын шолып шықты. 

2014 жыл. 19 сәуір.;

WBA (Super) тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов IBF белбеуінің иегері Бернард Хопкинске төреші шешімімен жол берді. 

Алайда осы айқастан қос боксшының да қанша пайда тапқаны жайлы мәлімет шықпаған. 

шуменов.jpg

2015 жыл. 17 қазан;

WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF белбеуінің иегері Давид Лемьені 8-раундта нокаутпен жеңді. Жүлде қорынан жерлесіміз Геннадий Головкин — 2 млн доллар, қарсыласы Давид Лемье — 1,5 млн долларды қалтасына басқан. 

2017 жыл. 21 қазан; 

WBA (Super) тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Жанат Жақиянов IBF белбеуінің иегері Райан Барнеттке төреші шешімімен есе жіберді. 

Оның алдында сол жыңбасында өткен жекепе-жекте 2017 жылдың басында Жанат Жақиянов сол салмақтағы чемпион саналған Роша Уорренді жеңіп, 30 мың доллар табыс тапқан болатын.

 Ал осы жекпе-жегінде  жеңіліс тапса да 100 мың доллардан астам пайда тапқаны туралы мәлімет бар. 

2022 жыл. 9 сәуір;

IBF және ІВО тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA (Super) белбеуінің иегері Риота Муратаны 9-раундта құлатты. 

Ұйымдастырушылар Геннадий Головкинге жеңісі үшін  12 млн доллар, қарсыласы Риота Муратаға  4 млн доллар ұсынған.

головкин.jpg

2023 жыл. 15 қазан;

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы IBF белбеуінің иегері Винченцо Гуальтариді 6-раундта мерзімінен бұрын жеңді. 

Жәнібек Әлімханұлы — 400 мың доллар. Ақылы трансляциядан түсетін табыстарға байланысты  бұл сома 1,5 млн долларға дейін өсуі мүмкін. Белбеуінен айырылған Винченцо Гуальтари  жеңіліп тұрса да алдын-ала келісім бойынша жерлесімізден көбірек ақы алып отыр. Оған ұсынылған сомма  көлемі  750 мың доллар. 

Дайындаған; Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар