00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Күрес түрлерінен ел чемпионаты аяқталды

06.02.2024 | 03:03
58
фото: Нұрғали Жұмағазы

Жарыстың соңғы күні еркін күрестен 5 салмақта 144 балуан боз кілемге шықты. 

Астана қаласының намысын қорғаған 79 келідегі Азамат Өміржанов осы салмақтағы басты фаворит Болат Сақаевты алғашқы кезеңде 3:0 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, тізедегі жарақатына байланысты Болат Сақаев белдесуді жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Астана қаласының спортшылары 1 алтын, 1 қола жүлдеге ие болды. 

Еркін күрестен 97 келі салмақтың басты белдесуінде 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының 4 мәрте жүлдегері Әлішер Ерғали әлем чемпионы Ризабек Айтмұханнан 14:10 есебімен басым түсті. 

«Бұл жарысқа тек алтын үшін келдім. Міне сол мақсатым орындалды. Осы алтынның буымен сәуір айында өтетін лицензиялық турнирде жолдама алып, Парижде жоғары орыннан көрінуге тырысамын!», — деп, турнир жеңімпазы атанған Әлішер Ерғали өз ойын білдірді. 

Жарыс жолындағы қарсыластары: 

1/16 финал. Ерали Абдазов (Павлодар обл.) — автоматты жеңіс

1/8 финал. Изноур Огаев (БҚО) 5:0

1/4 финал. Әділет Рзаш 10:0

1/2 финал. Камиль Куруглиев 6:0

Финал. Ризабек Айтмұхан 14:10

0.jpg

Жеңімпаздар:

125 келі. 25 қатысушы

1-орын. Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе обл.) 

2-орын. Абылай Совет (Алматы обл.) 

3-орын. Омар Эюбов (Алматы обл.) 

3-орын. Талғат Жиентаев (Қостанай обл.) 

61 келі. 30 қатысушы 

1-орын. Асыл Айтақын (Алматы қ.) 

2-орын. Өсімжан Дастанбек (Алматы обл.) 

3-орын. Дәурен Әмірхан (БҚО) 

3-орын. Владимир Кудрин (Ақмола обл.) 

70 келі. 37 қатысушы 

1-орын. Мейіржан Аширов (Жамбыл обл.) 

2-орын. Қуаныш Дүйсенқұл (Алматы қ.) 

3-орын. Олжас Олжақанов (ШҚО)

3-орын. Досжан Әсетов (ШҚО) 

79 келі. 30 қатысушы

1-орын. Азамат Өміржанов (Астана қ.) 

2-орын. Болат Сақаев (Атырау обл.) 

3-орын. Мағжан Жанырбай (Жетісу обл.) 

3-орын. Санат Қайыргелді (Ақмола обл) 

97 келі. 22 қатысушы

1-орын. Әлішер Ерғали (Жамбыл обл.) 

2-орын. Ризабек Айтмұхан (Алматы қ.) 

3-орын. Бекзат Үркімбай (Астана қ.) 

3-орын. Камиль Куруглиев (Маңғыстау обл.) 

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ КЕСТЕСІ: 

Жамбыл обл. — 2 алтын, 3 күміс, 1 қола

Алматы қ. — 2 алтын, 2 күміс

Маңғыстау обл. — 1 алтын, 2 қола

БҚО — 1 алтын, 1 қола

Ақтөбе обл. — 1 алтын, 1 қола

Астана қ. — 1 алтын, 1 қола

Жетісу обл. — 1 алтын, 1 қола

СҚО — 1 алтын

Алматы обл. — 3 күміс, 3 қола

Атырау обл. — 2 күміс

ШҚО — 3 қола

Ақмола обл. — 3 қола

Павлодар обл. — 1 қола

Шымкент қ. — 1 қола

Түркістан обл. — 1 қола

Қостанай обл. — 1 қола

Енді жарыстың жеңімпаздары сәуір айында Бішкек қаласында өтетін Азия құрлығының лицензиялық жарысында Париж Олимпиадасының жолдамасын сарапқа салады.

 

                                                                                                                  Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар