00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Хоккей: Канада әлем чемпионы атанды

29.05.2023 | 11:50
37
фото: IHHF парақшасынан

Шайбалы хоккейден Финляндия мен Латвияда өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Финалда Канада құрамасы осы біріншіліктің сенсациясы саналған Германия командасымен кездесіп, 5:2 есебімен жеңді. 

Осылайша, Канада құрамасы кейінгі 4 әлем чемпионатының финалында өнер көрсетіп, 2-уінде топ жарды. 

Ал Қазақстан құрамасы Канада құрамасымен топтық кезеңде кездесіп, 1:5 есебімен жеңілген еді. 

Бұған дейінгі 2 әлем чемпионатындағы өзара ойындары: 

2022 жыл. Қазақстан — Канада 3:6

2021 жыл. Қазақстан — Канада 2:4

Енді келесі әлем чемпионатын 2024 жылы Чехия мемлекеті қабылдайды.

Барлық жаңалықтар