00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

06.03.2024 | 04:46
55
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы Грекияға қарсы матчқа шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Нақты тізімге 26 футболшы енді. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2-турынан кейін Ұлттық құрамаға тағы бір ойыншы қосылады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»)

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия  – Қазақстан матчы наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні Афинада өтеді.

Барлық жаңалықтар