00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылды

22.03.2024 | 09:45
58
Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылды
Фото: UEFA

Афинада футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Грекия мен Қазақстан арасындағы матч өтті, деп хабарлады Elorda.info

Кездесуде 5:0 есебімен қарсылас команда жеңіске жетті. 

Ойынның 9-минутында Анастасиос Бакасетас пенальтиді дәл орындап, командасын алға шығарды. 

15-минутта Димитрис Пелкас, 37-минутта Фотис Иоаннидис, 40-минутта Димитрис Курбелис есепті еселей түсті. 

Екінші тайм аяқталар түста Александр Марочкин автогол соғып, матч Қазақстан командасының ірі жеңілісімен аяқталды. 

Десе де, қазақстандық футболшылар дәл осылай Еуропа чемпионатына жақын болған емес.

Барлық жаңалықтар