00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Футбол: Ел чемпионатында қандай трансферлер жасалды?

31.07.2023 | 13:00
38
Фото: «Astana» клубы парақшасынан

Жазғы трансфер уақытында шетелдік жұлдыздардың Сауд Арабиясы мен АҚШ-қа ағылып жатқанын күнделікті естіп жүрміз. Ал Қазақстан чемпионатында трансфер уақыты 26 маусымнан 24 шілдеге дейін ғана созылды. Осы уақыт аралығында елімізге қандай футболшылар келді? Қандай спортшыларымызбен қоштастық? Ол жайында Elorda.info тілшісі зерттеу жасады.  

1 айдай уақыт аралығында ел біріншілігінде 133 трансфер жасалды.

Құны жоғары футболшылар келді ме?

Жазғы трансферде Украина ұлттық құрама сапында 19 ойын өткізіп, Сербия мен Финляндия қақпасына гол соққан 27 жастағы Артем Беседин «Ордабасы» клубына ауысты. Бұған дейін «Динамо» (Киев) сапында доп тепкен шабуылшы отандық командаға тегін келді. Құны 1,20 млн еуроға бағаланған футболшы былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.

850 млн еуроға бағаланатын «Ференцварош» ойыншысы Стжепан Лончарды «Астана» клубы 200 мың еуроға жалға алды.

600 млн еуроға бағаланатын Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, Бельгия дивизионында ойнаған Ян Вороговскийді «Астана» клубы 400 мың еуроға сатып алды. Жалпы, «Астана» клубы ғана жаз мезгілінде футболшыларды алу үшін ақша («Тобыл» футболшысы Александр Марочкинді де 100 мың еуроға сатып алды) жұмсаған.

Трансфер кезінде белсенділік танытқан клуб – «Жетісу» мен «Каспий». Қос клуб 8 футболшыдан алды. Еурокубокта өнер көрсететін «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» командалары да қатарын 2-3 ойыншымен толықтырды.

Қандай футболшылар кетті?

30 жастағы Өзбекстанның сұрмергені Игорь Сергеев Таиланд біріншілігінде өнер көрсетуге шешім қабылдады. 1,20 млн еуроға бағаланған футболшы «Тобыл» сапында 15 ойын өткізіп, 4 гол салды.

500 мың еуроға татитын Сербия футболшысы Игорь Иванович «Астана» сапынан кетті. Наурыз айында Беларусь чемпионатынан келген Игорь Қазақстанда 9 ойын өткізді.

450 мың еуроға бағаланатын «Қырғыз Мессиі» Нұржігіт Әліқұлов та «Қайрат» сапынан кетуді жөн көрді.

Ойыншылары ең көп кеткен 2 клуб – «Жетісу» (7 футболшы), «Каспий» (5 футболшы). Себебі, қос клуб та маусым барысында бапкерлерін ауыстырып үлгерді.

Барлық жаңалықтар